Date of publication: 16.06.2022 15:26
Date of changing: 17.06.2022 15:05

Мемлекеттік кірістер органдары мемлекеттік қызметтерді алу үшін қолайлы жағдайлар жасауға және олардың қолжетімділігін қамтамасыз етуге барынша көңіл бөледі. Атап айтқанда, қызмет көрсету үдерістерін автоматтандыру және оңтайландыру бойынша жұмыстар тұрақты негізде жүргізіледі, ұсынылатын құжаттар тізбесі мен қызмет көрсету мерзімдері қысқартылады.

Қазіргі таңда халықтың қызмет көрсету сапасына қанағаттану деңгейін арттыру мақсатында, салық төлеушілермен кері байланысты қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Мәселен, 2022 жылғы 15 маусымда ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментімен мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша жәрмеңке өткізілді. Онлайн форматта тікелей көрсетіліммен өткізілген жәрмеңкеге департаменттің мемлекеттік қызмет көрсететумен айналысатын басқарма басшылары мен қызметкерлері, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері  агенттігінің ШҚО  бойынша департаментінің қызметкерлері қатысты.

ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің мемлекеттік қызмет көрсету басқармасының басшысы департаментпен көрсетілетін қызметтерді алу тәртібі, салықтық өтініштерді беру тәсілдері, қызметтерді алуға қажетті құжаттар және қызметтерді көрсету мерзімдері бойынша түсіндірумен тікелей эфирге шықты.

Тікелей эфир барысында 2022 жылдың 5 айында және 2021 жылы көрсетілген қызметтер саны, электронды түрде берілген қызметтер, соның ішінде электрондық үкімет порталы арқылы және  «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ бойынша көрсетілген қызметтер саны бойынша статистикалық мәліметтер аталды.

Сондай-ақ алкоголь өнімдерін өткізуге лицензия алу және жеке тұлғалардың мүліктік салық қарызы бойынша мәліметтерді алуға қатысты салық төлеушілер қойған сұрақтарға жауаптар берілді.

Тікелей эфирлердің жазбасы Департаментің Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшада https://www.instagram.com/tv/Ce0pExagk6Q/?igshid=YmMyMTA2M2Y=  сілтемесі бойынша сақталған.