
2016 жылғы 29 маусымда Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінің негізінде ШҚО бойынша МКД экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлерінің, сеніп тапсырылған патенттер, тұтынушылар құқығын қорғау ұйымдарының, кәсіпкерлердің қатысуымен интелектуалдық меншікке құқықты қорғау мәселелері бойынша дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстел Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен бейнеконферец байланыс нысанында нысанында өтті.
Дөңгелек үстелдің мақсаты Шығыс Қазақстан облысының әділет, мемлекеттік кіріс және бизнес арасында өзара ынтымақтастықты нығайту, контрафактілік өнімдермен байланысты проблемаларды талқылау. Аталған құқықбұзушылықтарды жасау заңдылық, әділдік, таза бәсеке және адал кәсіпкерлердің мүдделерін елеулі түрде бұзады.
Кездесу барысында ЭТҚ қызметкерлері қатысушыларды департамент тарапынан контрафактілік өнімдер, тауарлық белгілерді заңсыз пайдалану, интелектуалдық меншік құқық саласындағы құқықбұзушылықтарды ашу бойынша атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырды. 2016 жылдың басынан бастап авторлық және аралас құқық саласында 19 құқықбұзушылық тіркелді.
Аталған саладағы құқықбұзушылықтар адал кәсіпкерлердің бизнесінің дамуына теріс әсер етіп, көлеңкелі экономиканың көбейіп, соңында мемлекеттің экономикалық мүддесіне зор әсер етеді.
Сонымен қатар кәсіпкерлердің назарына авторлық және аралас құқықты бұзғандары үшін 100 ЕАК дейін айыппұл түрінде қылмыстық жауапкершілік көзделгенін, ал бөтен тауар белгісін заңсыз пайдаланғаны үшін 300 ЕАК мөлшерінде айыппұл салу немесе 75 тәулікке дейін қамауға алу көзделгені туралы ақпарат жеткізілді.
Бұдан басқа департамент бұл бағытта профилактикалық сипаттағы іс шараларды, яғни мемлекеттік органдар мен мекемелерге қылмыстарды жасаудың себептері мен салдарын жою туралы ұсыныстар енгізу арқылы жүргізіп отыр.
Дөңгелек үстелдің барысында қатысушылардың сұрақтарына толыққанды жауап берілді.
ШҚО бойынша МКД Экономикалық тергеу қызметі