Шығыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер депратменті 24.05.2016ж. № №КГД-07-1-29896-КГД-12718 Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің түсіндірмесіне сәйкес, ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндірушілер және ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін арнаулы салық режимін 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданатын шаруа немесе фермер қожалықтары үшін әлеуметтік салық мөлшерлемесі Салық Кодексінің 358 бабының 1 тармағына сәйкес 11 пайыздық мөлшерлемеде есептелетінін хабарлайды.
Бұл ретте Салық кодексінің 356- бабы 1)- тармақшаға сәйкес әлеуметтік салық бойынша салық есептілігін есептеуді, төлеуді және табыс етуді ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндірушілер және ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін – Салық кодекстің 451-бабында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып жүргізіледі.
Салық кодексінің 359- бабы 3- тармағымен бюджетке төленуге жататын әлеуметтiк салықтың сомасы есептелген әлеуметтік салық сомасы мен «Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес есептелген әлеуметтiк аударымдар сомасы арасындағы айырма ретінде анықталады екені белгіленген.
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына есептелген әлеуметтік аударымдар сомасы есептелген әлеуметтік салық сомасынан асып кеткен кезде бюджетке төленуге жататын әлеуметтік салық сомасы нөлге тең деп есептеледі.
Салық кодексінің 451- бабы 1- тармағына сәйкес төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен есептелген корпоративтік табыс салығының немесе жеке табыс салығының, қосылған құн салығының, әлеуметтік салықтың, мүлік салығының, көлік құралы салығының бюджетке төленуге жататын сомалары 70 пайызға азайтылуға жатады.
Осылайша, Заңға сәйкес есептелген әлеуметтік салық сомасы және есептелген әлеуметтiк аударымдар арасындағы айырма ретінде анықталатын әлеуметтік салық сомасы 70 пайызға азайтылуға жатады.
Камералдық бақылау басқармасы ШКО бойынша МКД