
2020 жылдың басынан бастап «Бақты» кеден бекетінің лауазымды тұлғалары кедендік және басқа түрдегі мемлекеттік бақылауды жүргізу кезінде 3 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады. 2020 жылдың екі айында 291 610 теңге айыппұл салынды.
Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің №7-ПГВр «Снюс» шегілмейтін темекі және темекісіз бұйымдарды әкелуге, өндіруге, сатуға және таратуға тыйым салу туралы» қаулысын және ШҚО бойынша мемлекеттік кірістер Департаментінің нұсқауын орындау мақсатында, ШҚО бойынша МКД «Бақты» кеден бекетінің жолаушылар терминалы арқылы өтетін жеке тұлғалар мен көлік құралдарына әрдайым тексеру жүргізіледі.
Қылмыстық құқық бұзушылық белгілерімен тауарлардың заңсыз өту фактісі тіркелмеген.
ШҚО бойынша МКД «Бақты»
кеден бекетінің жетекші маман
Кумарбеков Сырым Муслимханулы