Жарияланған күні: 19.11.2019 17:14
Өзгертілген күні: 19.11.2019 17:47

Зияткерлік меншік объектілеріне (авторлық құқық және сабақтас құқықтар объектілері, тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері және тауарлардың шығарылған жерлерінің атаулары)  бірыңғай кедендік тізіліміне енгізілген (әрі қарай - ЗМО) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің және де осындай кедендік тізілімге енгізілмеген тауарларға қатысты қолданылады. Мемлекеттік кірістер органдарының басты мақсаты зияткерлік меншік құқығын қорғауда ЗМО болған тауарларды шығаруын тоқтата тұру.

Сонымен, тауарларды кедендік тазалау кезінде, зияткерлік меншік құқығын бұзу белгілері анықталған жағдайда, «Қазақстан Республикасындағы Кедендік реттеу туралы» ҚР Кодексінің 198, 199 баптары бойынша осындай тауарларды шығару мерзімі он жұмыс күніне тоқтатыла тұрады, декларантты және құқық иеленушіні немесе оның мүдделерін немесе бірнеше құқық иеленушінің мүдделерін білдіретін тұлғаны мұндай тоқтата тұру туралы хабарлайды. Құқық иеленушінің немесе оның мүдделерін немесе бірнеше құқық иеленушінің мүдделерін білдіретін тұлғаның сұрау салуы бойынша бұл мерзімді кеден органы ұзартады, бірақ,  егер құқық иеленуші немесе оның мүдделерін немесе бірнеше құқық иеленушінің мүдделерін білдіретін тұлға Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құқық иеленушінің құқықтарын қорғау үшін сотқа жүгінген жағдайда, ол он жұмыс күнінен аспайды.

Зияткерлік меншік объектілері бар тауарларды шығару құқық иеленушінің Қазақстан Республикасының тиісті уәкілетті мемлекеттік органына немесе сотқа зияткерлік меншік объектілеріне өз құқықтарын қорғау туралы өтініш беруін жоққа шығармайды.

Кеден органдары зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды қорғау жөніндегі шараларды Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан дипломатиялық өкілдіктердің, консулдық мекемелердің, халықаралық ұйымдар жанындағы мемлекеттер өкілдіктерінің, халықаралық ұйымдардың немесе олардың өкілдіктерінің, өзге де ұйымдардың немесе олардың өкілдіктерінің ресми пайдалануына арналған, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларды кедендік рәсімдермен орналастыру кезінде қабылдамайтынын атап өту қажет.

Кеден органдары зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды қорғау жөніндегі шараларды жеке тұлғалар жеке пайдалану үшін Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізетін, оның ішінде олардың атына халықаралық пошта жөнелтілімдерімен жіберілетін тауарларға қатысты да қолданбайды.

Зияткерлік меншік объектілерінің Кедендік тізілімі жалпыға ортақ болып табылады, және де Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің https://kgd.gov.kz/  ресми интернет-ресурсында орналастырылған.

ШҚО бойынша МКД-ні КӘБ-ның тарифтік емес реттеу және зияткерлік меншік бөлімі СЭҚҚ бойынша, тыйым салу мен шектеу және зияткерлік меншік объектілерін қадағалау жұмыстары ұдайы жүргізіледі.

2019 жылдың 10 айы бойынша ШҚО МКД-де меншік объектілерін қорғауда Реестрге кіргізілген, 9 кедендік декларация тауарларына қатысты, шығару уақытша тоқтатылды.