Жарияланған күні: 21.06.2019 10:09
Өзгертілген күні: 22.11.2019 14:13

27 топтың  тауарларын уақытша кедендік декларациялау сұрақтары бойынша және Астана-1 АЖ тауарларға арналған декларацияны толтыру ерекшелігі

Уақытша кедендік декларациялауды қолдану мәселелері «Қазақстан Республикасындағы Кедендік реттеу туралы» кодексінің 189-бабымен регламенттеледі. Декларант осы тауарларды жеткізгеннен кейін бапқа сәйкес толық тауарларға арналған декларацияны беруге міндетті.

      Уақытша кедендік декларациялауды қолдану кезінде ТД-ның 7-бағанында «УКД» көрсетіледі, бұл ретте декларациядағы кейбір мәліметтер тауардың саны және кедендік құны туралы жуық деректерді негізге ала отырып көрсетілуі мүмкін, яғни тауарларға қатысты саны және (немесе) кедендік құны туралы нақты мәліметтер, сондай-ақ көлік құралдары туралы мәліметтер ұсынылмауы мүмкін (18,21,22,42,44,45,35,38-бағандар) 

Декларациялау ерекшеліктерінде ТД-ның 7-бағанында уақытша толық декларациялауды (бұдан әрі – УТД) таңдау кезінде, «АСТАНА-1» ақпараттық жүйесінде уақытша кедендік декларацияның нөмірін көрсету кезінде бұрын ресімделген УТД-ның автоматты көрсетілетін «Алдыңғы декларация» қойындысы шығады. Толық декларация, бұл құбыржол көлігімен өткізілетін тауарлардың нақты әкетілгенін (әкелінгенін) растайтын осындай тауарларға кедендік декларациялауды жүргізген кеден органының белгісімен тауарларға арналған құжаттар.  

189- баптың 6-тармағына сәйкес,  уақытша кедендік декларациялау кезінде Еуразиялық экономикалық одақтың және Қазақстан Республикасының заңнамасы, оның ішінде кедендік-тарифтік реттеу шаралары, кедендік әкету баждарының мөлшерлемелері, кедендік декларациялау үшін кедендік алымдардың мөлшерлемелері, салықтардың мөлшерлемелері, кедендік әкету баждарын төлеу бойынша жеңілдіктер, салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктер, тыйым салулар мен шектеулер, ішкі нарықты қорғау шаралары, кеден органы тауарларға арналған уақытша декларацияны тіркеген күнгі қолданыста болатын валюта бағамдары қолданылады. Осылайша, «Астана-1» АЖ УКД тіркеген күнгі белгіленген валюта бағамдары қолданылады.

         «Сарыбулак-Зимунай» газ өткізгіші арқылы ҚР-дан ҚХР-ға тасымалданатын табиғи газ экспортына ШҚО бойынша КБД (ҚР) және Үрімші қаласындағы КБ (ҚХР) арасындағы өзара әрекеттесу туралы 2013 жылдың 24 маусымдағы уақытша тәртібіне сәйкес бақылау жасалады. 

«Қазақстан Республикасындағы Кедендік реттеу туралы» кодексінің 375 бабы 5 тармағына сәйкес, ҚР ҚМ 2018 жылғы 23 ақпандағы №286 «Кедендік декларациялау кезінде қолданылатын есепке алу аспаптарының тұрған орындарының тізбесін бекіту» туралы бұйрығымен құбыржолы көлігімен кедендік декларациялау орны «Сарыбулак-Майкапшағай» магистральді газ өткізу ГЕКТ (газ есебінің коммерциялық торабы) болып бекітілді. 

       ҚР және ҚХР кеден органдарымен, жауапты тасымалдаушы тұлғалардың қатысуымен рұқсатсыз қатынау мен тасымалданатын газды есепке алу аспабындағы мәліметтерін өзгертуді болдырмау мақсатында, газды есепке алу аспабына сәйкестендіру құрылғысы салынғандығы туралы акт құрастырумен сәйкестендіру құрылғысы салынады. 

       ШҚО бойынша МКД «Майқапшағай» кеден бекетінің қызметкерлері ҚХР кеден қызметімен бірлесе отырып, «Сарыбулак-Зимунай» газ өткелі арқылы тасымалданатын табиғи газға бақылау жасайды. Ай сайын күнтізбелік айдың 1 (бірінші) күні, келесі ай есептілікпен, есептік аспаптың көрсеткішін ала отырып, тасымалданатын газдың есепті аспабынан көрсеткіш алынғандығы туралы үш жақты акт құрастырылады, сонымен қатар беруші жақ және қабылдап алушы жақ тауарды алу-беру актісінде  барлық мәліметтің дұрыстығын тексергеннен кейін қол қойып, жеке нөмерлік мөрмен бекітеді.                     ЖШС «Тарбағатай Мұнай» диспетчерлік қызметінің арнайы байланысы арқылы алынатын мәліметтерге сәйкес, тасымалданған табиғи газға есептілік жүргізеді.  Есепті аспаптың көрсеткіші тасымалданатын газды кедендік декларациялау кезінде қолданылады.