
"Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету шаралар туралы" ҚР Президентінің 14.03.2022 жылғы № 830 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әкету күніне белгіленген бағам бойынша есептелген және 10 000 (он мың) АҚШ доллары баламасынан асатын сомадағы қолма-қол шетел валютасын және (немесе) шетел валютасындағы ақша құралдарын әкетуге тыйым салынады.
Сондай-ақ "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 26 желтоқсандағы № 123-VI ҚРЗ Кодексінің 343-бабы 1-тармағы 7-тармақшасына (бұдан әрі-ҚР Кодексі) сәйкес – егер Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына бір уақытта әкелу немесе Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан бір уақытта әкету кезінде мұндай қолма-қол ақша қаражатының және (немесе) жол чектерінің жалпы сомасы кеден органына жолаушыларға арналған кедендік декларацияны ұсынған күнге қолданыста болатын валюта бағамы бойынша он мың АҚШ долларына баламалы сомадан асып кетсе, қолма-қол ақша қаражатының және (немесе) жол чектері кедендік декларациялауға жатады.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 6 тамыздағы № 130 Шешіміне сәйкес, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы арқылы жолаушылар кедендік декларациясын кеден органына берген күні қолданылып жүрген валюта бағамы бойынша 100 мың АҚШ долларына баламалы сомадан асатын бір уақытта әкелу немесе әкету кезінде қолма-қол ақша қаражатының және (немесе) ақша құралдарының шығу тегін растау үшін құжаттарды ұсыну талап етіледі.
ШҚО бойынша МКД "Ауежай Өскемен" кеден бекеті