Жарияланған күні: 08.05.2025 11:18
Өзгертілген күні: 08.05.2025 11:19

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде 06.05.2025 жылы мемлекеттік қызметтегі әйелдерге қатысты кемсітушілік пен жыныстық қудалауға жол бермеу тақырыбында семинар өтті.



Оны Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары-Әдеп жөніндегі уәкіл Койшинов Казыбек Кадесович өткізді.



Өз сөзінде К.К. Койшинов этикалық мінез-құлық принциптерін, жыныстық белгілері бойынша кемсітушілікке жол бермеуді және жұмыс орнындағы бұзушылықтардың көріну формаларын түсіндірді.



Қауіпсіз және құрметті жұмыс ортасын құруға, сондай-ақ қызметкердің құқықтары бұзылған жағдайда жасай алатын әрекеттеріне ерекше назар аударылады.



Мұндай іс-шаралар ұжымда құрмет, сенім және жауапкершілік мәдениетін нығайтуға ықпал етеді.