Жарияланған күні: 17.04.2025 18:35
Өзгертілген күні: 17.04.2025 18:36

Сіздердің назарларыңызға, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы № 208 «БКМ қолдану мәселелері туралы» бұйрығына сәйкес, техникалық талаптарға сәйкес келмеуіне байланысты 100 шақты бақылау-кассалық машиналар (БКМ) моделдері мемлекеттік тізілімнен алынып тасталғанын жеткіземіз.

Мемлекеттік тізілімнен шығарылған БКМ модельдерінің тізімі Комитеттің ресми сайтында келесі сілтеме бойынша орналастырылған:

https://kgd.gov.kz/sites/default/files/gosuslugi/prilozhenie_ob_isklyuchenii_0.docx

Осыған байланысты, егерде мемлекеттік тізілімнен шығарылған БКМ-дарды қолданып жүрген болсаңыздар, мемлекеттік тізілімге енгізілген, техникалық талаптарға сәйкес келетін БКМ модельдеріне көшу қажет.

Мемлекеттік тізілімге енгізілген онлайн/офлайн БКМ модельдерінің тізімі Комитеттің ресми сайтында келесі сілтеме бойынша орналастырылған:

https://kgd.gov.kz/sites/default/files/gosuslugi/gosreestr_kkm_ru_0-2.docx