Жарияланған күні: 16.04.2025 09:18
Өзгертілген күні: 16.04.2025 09:19

Сұрақ: Қате төленген салық сомасын қалай қайтаруға болады?

Жауап:Қате төленген сомаларды  қайтару және есепке жатқызу:

- Салық төлеушінің кабинеті (Салық өтініші-есептеулер мен қайтаруларды жүргізуге арналған өтініші)

- Электрондық Үкімет порталы Egov.kz, Egov.kz -mobile (Кеден және салықтар-салық салу-бизнес-қызметтер-дұрыс төленбеген салықтар мен төлемдерді қайтару)

- E-Salykazamat мобильді қосымшасы (Мәзір-салық әмияны-артық төлемді басқару),

қосымшалары  арқылы жүзеге асырылады.

Салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың артық төленген сомасын қайтару салық төлеушінің салық өтінішінде көрсетілген банктік шотына бюджетке салық берешегі болмаған кезде мемлекеттік кірістер органында салық өтініші тіркелген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

Салық берешегі болған кезде мемлекеттік кіріс органы есепке жатқызуға салықтық өтініш бермей, салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың артық төленген сомасын қолда бар салық берешегін өтеу есебіне есепке жатқызуды жүргізеді.

Салық төлеушінің салықтық өтінішінсіз салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың артық төленген сомасын есепке жатқызу бірінші кезекте артық төленген сома қалыптасқан салық және төлем түрі бойынша өсімпұлды өтеу есебіне, содан кейін салықтар мен төлемдердің басқа түрлері бойынша берешекті өтеу есебіне; осы және басқа органдарда салықтар мен төлемдердің басқа түрлері бойынша өсімпұлдарды өтеу есебіне жүргізіледі.

Артық төленген салық, бюджетке төленетін төлем, өсімпұл сомасының қалдығы көрсетілген есепке жатқызуды жүргізгеннен кейін қайтарылуға жатады.