Жарияланған күні: 13.11.2024 10:48
Өзгертілген күні: 13.11.2024 15:54

Мемлекеттік кірістер органдары «Тауарларды кедендік тазарту» мемлекеттік қызметін көрсетеді. Қызметті көрсету түрі:

-қызметті көрсетуші арқылы;

-«Электронды үкімет» веб-порталы www.egov.kz арқылы.

Қызметті электронды түрде алу үшін Сізге:

www.egov.kz порталындағы web қосымшасына тіркелу;

- «Бастапқы» батырмасын басу;

- «Кеден және салық» батырмасын басу;

- «Тауарларды кедендік тазарту» қызметін таңдау;

- «Қызметтерге онлайн тапсыру беру» батырмасын таңдау арқылы;

- «АСТАНА-1» кеден және салық жүйелерін әкімшілендіру ақпараттық жүйесінің» сайтына өту.

Электронды түрдегі тауарларға арналған декларация толтырылғаннан кейін, декларацияда көрсетілген мәліметтерді, құжаттарды нақтылау үшін қызмет алушы өзінің электронды цифрлы қолтаңбасы (ЭЦҚ) арқылы тауарға арналған декларацияны растайды.