Жарияланған күні: 13.11.2024 09:12
Өзгертілген күні: 13.11.2024 14:44

Құрметті СЭҚ қатысушылары!

Ағымдағы жылы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті "Астана-1" және "Экспорттық-импорттық операциялар бойынша бірыңғай терезе" ақпараттық жүйелерінің қолданыстағы функционалын кезең-кезеңімен алмастыратын "Кeдen" жаңа кедендік ақпараттық жүйесін іске қосу бойынша жұмыстар жүргізуде.

2024 жылғы 14 қараша сағат 09:00-ден бастап "Кeдen" АЖ-да КТмС төлеуді қамтамасыз ету сертификатын тіркеуге және КТмС  төлеуді қамтамасыз ету сертификатын қалыптастыруға өтініш беруге байланысты функционалды іске қосу жоспарлануда.

2024 жылғы 16 қарашада сағат 00:00-ден бастап "Кеден" АЖ-ға байланысты функционал іске қосылады:

               алдын ала ақпарат беру, келуге байланысты кедендік операцияларды жасау;

               көлік, ветеринариялық, фитосанитариялық, санитариялық-эпидемиологиялық бақылаудан өту;

               транзиттік декларацияны беру, тіркеу және шығару, сондай-ақ кедендік транзит аяқталғаннан кейін кедендік операцияларды жасау;

               тауарларды уақытша сақтауға байланысты кедендік операцияларды жасау;

               бейрезидент жеке тұлғалар үшін бірегей сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру арқылы жүзеге асыру.

               Жоғарыда аталған функционалдылықпен жұмыс істеу кезінде проблемалық жағдайларды болдырмау үшін келесі тармақтарға назар аудару қажет:

               1. "Кеден" АЖ кедендік транзит үшін қамтамасыз ету сертификатын тіркеуге өтініш беру 2024 жылғы 14 қарашадан бастап жүзеге асырылады. Транзиттік декларацияны "Кеден" АЖ берген кезде тек қана "Кеден" АЖ тіркелген қамтамасыз ету сертификаттары қабылданатын болады.

               2. 2024 жылғы 15 қараша сағат 22:00-ден бастап "АСТАНА-1" АЖ арқылы транзиттік декларацияларды беру, тіркеу және шығару тоқтатылады. 2024 жылғы 16 қараша сағат 00:00-ден бастап транзиттік декларацияларды беру, тіркеу және шығару "Кеден" АЖ арқылы жүргізілетін болады.

               3. Қазақстан Республикасының резидент төлеушілері, сондай-ақ бейрезидент заңды тұлғалар транзиттік декларацияны пайдалана отырып, кедендік декларациялау үшін кедендік алымдарды төлеуді КБК 106119-да (аванстық төлемдер) жүргізуі тиіс.

               4. Кедендік алымдарды төлеушілер бейрезидент жеке тұлғалар болып табылатын транзиттік декларацияларды тіркеу мақсаттары үшін "Кеден" АЖ-дағы уәкілетті лауазымды тұлғалар бірегей сәйкестендіру нөмірін (БСН) генерациялауды және олар бойынша дербес шоттарды жүргізеді. Бұл ретте мұндай төлеушілер кеден декларациясы үшін кедендік алымды төлеуді КБК 106201 транзиттік декларациясын (Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес төленетін кедендік алымдар) пайдалана отырып жүзеге асырады.

               5. СЭҚ қатысушылары-төлеушілерге транзиттік декларацияны пайдалана отырып, кедендік декларациялау үшін кедендік алымдарды бюджетке төлеуді транзиттік декларация тапсырылғанға дейін немесе берілген күні 20-00 сағатқа дейін жүргізу ұсынылады.

               6. СЭҚ қатысушылары "Кеден" АЖ тіркеу және оның функционалымен жұмыс істеу жөніндегі нұсқаулықтарды алдын ала зерделеуі қажет.

 

Бейнеарнаны көру үшін сілтемеарқылы өтіңіз: https://vk.com/video-102541319_456239577

руководство пользователя для УДЛ.rar