
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті өңірдің жетекші жоғары оқу орындарымен жасалған Стратегиялық серіктестік туралы меморандум аясында Қазақстан-Американдық еркін университетінің «Кеден ісі» мамандығының 4-курс студенттеріне салық және кеден заңнамасы бойынша оқыту курстарын өткізуді жалғастыруда.
Іс-шаралардың мақсаты – студенттердің құқықтық мәдениетін қалыптастыру, салық және кеден саласында болашақ жас мамандарды дайындаудың сапасын арттыру.
Дәріс кезінде студенттерге салық және кеден заңнамасының нормалары туралы оқу курстары жүргізіліп, сондай-ақ ҚР ҚМ МКК-нің «e-Salyq Azamat», «e-Salyq Business» цифрлық сервистері, Telegram-дағы «SalyqBot» чат-боты, «Жалпыға бірдей декларациялау», бақылау-касса машиналарын (бұдан әрі – БКМ) қолдану, БКМ чектерінде барлық деректемелер, соның ішінде тауарлардың, көрсетілген қызметтердің атаулары міндетті түрде көрсетілуі керектігі туралы, чек қандай мәліметтерді қамтуы қажеттігі және «Чекті талап ет – жүлдені ұтып ал!» акциясы туралы ақпараттар қамтылды.
Барлық іс-шаралар оқу барысының соңына дейін жалғасады.