Жарияланған күні: 24.05.2024 18:27
Өзгертілген күні: 24.05.2024 18:28

Өскемен қаласында 2024 жылғы 24 мамырда Мемлекеттік кірістер басқармасының алаңында "Қазақстандық салық консультанттары қауымдастығының" салық консультанты Е.А.Полякованың, Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің, Өскемен қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының жалпыға бірдей декларациялау жөніндегі мамандарының қатысуымен Ашық есік күні ұйымдастырылды және өткізілді. Жалпыға бірдей декларациялау бойынша декларацияларда дебиторлық, кредиторлық берешектің және бағалауға жататын басқа да мүліктің нотариалды куәландырылған шарттарын көрсету бойынша салық төлеушілерден жиі туындайтын сұрақтарға байланысты осы акцияға қатысу үшін Өскемен қаласының Нотариаттық палатасының нотариусы Ю.А.Шипилова, Авто Vip бағалау компаниясының бағалаушылары И.В.Зиновьева, А.Б. Зиновьева тартылды.

Осы акцияға қатысқан барлық салық төлеушілерге 250.00, 270.00 нысандары бойынша декларацияларды ұсыну тәртібі, мерзімдері, тәсілдері түсіндірілді, сондай-ақ берілген сұрақтар бойынша егжей-тегжейлі консультациялар берілді.