Жарияланған күні: 02.05.2024 16:08
Өзгертілген күні: 02.05.2024 17:23

,

2024 жылғы 30 сәуірде Өскемен қаласында Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Атамекен» ҚР ҰКП ШҚОФ алаңында 50 - ден астам салық төлеушінің, оның ішінде консалтингтік компаниялардың өкілдерінің, бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен офлайн және ZOOM конференциясы арқылы онлайн форматтағы семинар өткізді.

Департаменттің Талдау және тәуекелдер басқармасының басшысы Гульмира Карибаева өз сөзінде салық төлеушілердің тәуекел дәрежесі мен санатталуы туралы айтып берді.  

Әрекет етпейтін салық төлеушілердің тізіміне енгізу және тізімнен шығару тәртібіне Департаменттің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының бас маманы Талғат Деменев тоқталды.

Әрі қарай Департаменттің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының бас маманы Аида Оразай  салық есептілігін ұсынуды тоқтата тұру (ұзарту, қайта жаңғырту) - мемлекеттік қызметтерін көрсету тәртібімен таныстырды.

Департаменттің Түсіндіру жұмысы және Байланыс орталығы басқармасының басшысы Гүлмира Сабралимова жалпыға бірдей декларациялау және мобилді аударымдар мәселелеріне егжей-тегжейлі тоқталды.

Сөз соңында Департамент өкілдері салық төлеушілердің барлық сұрақтарына жауап берді.