
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті 2024 жылғы 17 сәуірде сағат 11:30-да жіберілген электрондық шот-фактураларды шығару кезінде биометриядан өту қажеттілігі туралы хабарлама сынақтық болып табылатынын және орындалуға жатпайтындығын хабарлайды.
Осыған байланысты, аталған хабарламаны алған салық төлеушілерге электрондық шот-фактуралар ақпараттық жүйесінде биометриядан өту қажет емес.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды.