
2024 жылғы 25 қаңтарда жалпыға бірдей декларациялау шеңберінде Алтай ауданы – Алтай қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы бірінші және екінші кезеңдерге қатысушылар үшін ZOOM конференциясын өткізді.
Конференцияға 50-ден астам салық төлеуші қатысты.
Конференция барысында спикер жалпыға бірдей декларациялау кезеңдері, салық есептілігі нысандарын тапсыру мерзімдері, табыс ету тәсілдері туралы Салық кодексіне енгізілген өзгерістерді ескере отырып, 270.00 нысандағы Кірістер мен мүлік туралы декларацияны толтыру тәртібі жайлы түсіндіру жұмысын жүргізді.
Іс-шара соңында Басқарма өкілдері конференцияға қатысушылардың барлық сұрақтарына жауап берді.