Жарияланған күні: 24.01.2024 09:13
Өзгертілген күні: 24.01.2024 09:14

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 12.12.2023ж. Мемлекет басшысының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық Кодексі) және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қоюына байланысты салық заңнамасындағы негізгі өзгерістер бойынша хабарлайды: Жалпыға бірдей декларациялау бойынша

Салық кодексінің 632 және 635-бабының 1-тармақтарына декларацияларды табыс етудің бірыңғай мерзімін – есепті күнтізбелік жылдан кейінгі жылдың 15 қыркүйегін белгілеу бөлігінде өзгерістер енгізілді (2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).

Бұған дейін «Цифрлық Қазақстанды» іске асыру шеңберінде декларацияларды берудің электрондық нысанын ілгерілету үшін декларацияларды тапсырудың екі мерзімі қарастырылған болатын. Қазіргі уақытта жалпыға бірдей декларациялау шеңберінде декларациялардың 99,9%  электронды түрде тапсырылады. Осыған байланысты декларацияны қағаз және электронды түрде берудің бірыңғай мерзімін белгілеу әкімшілендіру жүктемесін азайтады;

дара кәсiпкерлердің, жеке практикамен айналысатын адамдардың активтерi мен мiндеттемелерi, кірістері мен мүлкі туралы декларацияны орналасқан жері бойынша табыс ету тәртiбiн жою мақсатында Салық кодексiнiң 632 және 635-бабының 2-тармақтарын алып тасталды (2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi).

Осылайша, дара кәсіпкерлер мен жеке практикамен айналысатын адамдар барлық басқа жеке тұлғалар сияқты өздерінің тұрғылықты жері бойынша декларация тапсыратын болады;

Салық кодексінің 634-бабының 2 және 4-тармағына төлем көзінен салық салынатын кірістер мен Қазақстан Республикасында тіркелген мүлік туралы мәліметтерді алып тастау арқылы декларацияланатын мәліметтердің тізбесін қысқарту бөлігінде өзгерістер енгізілді (2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).

Жалпыға бірдей декларациялаудың бірінші және екінші кезеңінде декларацияны мемлекеттік қызметшілер, оларға теңестірілген адамдар, бюджеттік ұйымдардың және квазимемлекеттік сектордың қызметкерлері, сондай-ақ олардың жұбайлары (шамамен 2,7 млн. адам) тапсырды.

Декларацияларды талдау нәтижелері бойынша: азаматтардың 99,2%-ы салық агенттерінен алатын кірістерін, 0,8% – дербес деклацияланатын кірістерін, шетелде мүлкі мен ақшасының болуын көрсетті.

Қазақстан Республикасындағы кірістер (жалақы, депозиттер бойынша сыйақылар, зейнетақы төлемдері және т.б.) және мүлік (сатып алу немесе иеліктен шығару және т.б.) туралы мәліметтер мемлекеттік кірістер органдарына салық агенттерінен, уәкілетті органдардан, ұйымдардан және өзге де көздерден келіп түсетінін ескере отырып, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптары қолданылатын адамдарды қоспағанда, жеке тұлғалардың кірістері мен мүлкі туралы декларацияда бұл мәліметтерді декларциялаудың қажеті жоқ.