Жарияланған күні: 15.01.2024 18:38
Өзгертілген күні: 15.01.2024 18:39

Азаматтар активтер мен міндеттемелер туралы декларацияда қалауы бойынша құны бірлігіне 3,5 млн.теңгеден (1 000 АЕК) асатын бағалы мүлікті көрсете алады.

Мұндай мүлікке Қазақстан Республикасында да, шетелде де бар кез келген қымбат мүлік, мысалы, мәдени құндылықтар, зергерлік бұйымдар, асыл тұқымды жануарлар және басқа да бағалы мүлік, сондай-ақ аяқталмаған құрылыс объектілері жатады.

Көрсетілген мүлік 2023 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша бағалау құны болған кезде декларацияланады. Бұл ретте бағалауды декларация табыс етілген сәтке дейін (2024 жылғы 15 қыркүйектен кешіктірмей) жасау қажет.

Бағалы сыйлықтар, егер олар мынадай түрде алынса, декларацияланады:

шетелде тіркелген жылжымайтын мүлік және көлік, шетелдік компаниядағы үлестер. Бұл ретте Қазақстанда тіркелген пәтер, көлік, заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін көрсетудің қажеті жоқ;

34,5 млн. теңге (10 000 АЕК) шегінде қолма-қол ақша сомасы;

тұрғын үй құрылысындағы үлес, бағалы қағаздар, цифрлық активтер, инвестициялық алтын.

басқа да мүлік - егер мұндай сыйлықтың бірлігі үшін құны 3,5 млн.теңгеден (1000 АЕК) асатын болса, қалауы бойынша көрсетіледі. Мұндай бағалауды тәуелсіз бағалаушы 2023 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша жүргізуі тиіс.