Салық төлеушілердің назарына.
Өскемен қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық Кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің 478-бабына сәйкес, жер учаскесін өтемін төлеп уақытша жер пайдалануға (жалға) алған жеке және заңды тұлғалар төлемақы төлеушілер болып табылады.
Салық Кодексінің 1 тармағының 481-бабына сәйкес, төлемақы сомасы жер қатынастары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен («Өскемен қаласы бойынша жер қатнастар бөлімі» ММ) жасалған өтем төлеп уақытша жер пайдалану шарттарының негізінде есептеледі.
Салық Кодексінің 2,3 тармақтарының 483-бабына сәйкес, жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар(ары қайрай-төлемақы төлеушілер) ағымдағы төлемдер сомаларының есеп-қисабын есепті салық кезеңінің 20 ақпанынан кешіктірмей табыс етуі қажет.
Салық кезеңі басталғаннан кейін өтемін төлеп уақытша жер пайдалану туралы шарт жасасқан тұлғалар ағымдағы төлемдер сомаларының есеп-қисабын шарт жасалған айдан кейінгі айдың 20-cынан кешіктірмей табыс етуі қажет.
Жеке тұлғаларды қоспағанда, Салық Кодексінің 5 тармағының 481-бабына сәйкес, төлемақы төлеушілер ағымдағы төлемақы сомаларын бюджетке ағымдағы жылдың 25 ақпанынан, 25 мамырынан, 25 тамызынан және 25 қарашасынан кешіктірмей тең үлестермен төлейді.
Сонымен қатар дара кәсіпкерлер болып табылмайтын жеке тұлғалар төлемақыны, Салық Кодексінің 6 тармағының 481-бабына сәйкес, сомаларын есепті салық кезеңінің 25 ақпанынан кешіктірмей төлейді.
Жер учаскесі белгіленген мерзімнен кейін алынған жағдайда, төлемақыны төлеу жер учаскесін өтемін төлеп уақытша жер пайдалануға алған айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірілмей жүргізіледі.