Жарияланған күні: 20.10.2023 15:52
Өзгертілген күні: 20.10.2023 15:53

ШҚО фл «Отандастар қоры»  алаңында консультативтік көмек көрсету бойынша қандастармен кездесу

 

2023 жылғы 19 қазанда Өскемен қаласында «Отандастар қоры» ШҚф алаңында ҚР СІМ «Отандастар қоры» департаменті директорының орынбасары Еркебұлан Меңлібаевтың төрағалығымен ШҚО әкімдігі, ШҚО бойынша мемлекеттік кірістер департаменті және басқа да мемлекеттік органдар, БАҚ өкілдерінің қатысуымен тарихи отанына келген қандастарға және консультациялық көмек көрсету мәселелеріне мемлекеттік қолдау шаралары бойынша кездесу өтті.

Іс-шара барысында кездесуге қатысушылар зейнетақы, жәрдемақы рәсімдеу бойынша және басқа да мәселелермен қатар, кедендік заңнаманы қолдану және Қазақстан Республикасының аумағына көлік құралдарын және жеке пайдалануға арналған тауарларды әкелу кезінде кедендік төлемдерді, салықтарды төлеу бойынша міндеттемелерді қолдану мәселелерін ерекше қызықтырды. ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің «Өскемен - кедендік ресімдеу орталығы» кеден бекетінің бас маманы Ибышева Рузанна Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің осы 20.12.2017 № 107 шешімімен қарастырылған шарттарды сақтай отырып, жеке пайдалануға арналған тауарларды әкелу кезінде кедендік баждарды, салықтарды төлеуден босату бөлігінде таныстырды. Спикер Моңғолиядан көлік құралдарын транзитпен әкелу кезінде құжаттарды ресімдеу бойынша бірқатар проблемалық сұрақтарға жауап берді.

Сонымен қатар, түсіндіру жұмысы және Байланыс орталығы басқармасының басшысы Гүлмира Сабралимова кездесуге қатысушыларға салық міндеттемелерін орындау және бизнес жүргізу мақсатында «e-Salyq Azamat», «e-Salyq Business» мобильді қосымшаларының артықшылықтары туралы жеткізді. Ол Телеграмдағы «SalyqBot» чат-боты арқылы салық және кеден заңдарына түсініктеме алу мүмкіндігі туралы хабарлады, сондай-ақ жеке кәсіпкерлер ретінде тіркеу, арнаулы салық режимдері, жеке тұлғалардың жалпыға бірдей декларациялау және банкроттығы бойынша жадынамалар табыстады.

Басқа да мемлекеттік органдардың өкілдері баяндамаларда қандастарға мемлекеттік қолдау көрсету шараларын жариялап, оларды қызықтырған барлық сұрақтарға жауап берді.