
Қазақстанда қыркүйектің әр екінші жексенбісі «Отбасы күні» аталып өтіледі. Бұл мереке 2013 жылы біздің республикамыздың мерекелер тізіміне енгізілді. Биыл мереке 10 қыркүйекке түсіп отыр.
Бүгінде біздің елімізде отбасын нығайту және қазақстандықтардың өмір сүру сапасын арттыру бойынша жүйелі және кешенді жұмыс жолға қойылған, отбасылық саясат мемлекеттің басты басымдығы болып табылады. Отбасы қоғамның негізгі элементі ретінде адами құндылықтардың, мәдениеттің және ұрпақтардың тарихи сабақтастығының сақтаушысы, тұрақтылық пен дамудың факторы болды және болып қала береді. Отбасының арқасында мемлекет нығайып, дамып келеді, халықтың әл-ауқаты артып келеді. Барлық уақытта елдің дамуы отбасының қоғамдағы және оған қатысты мемлекеттің жағдайы бойынша бағаланды. Адамның өмірі отбасынан басталады, мұнда оның азамат ретінде қалыптасуы жүреді.
Отбасы күні біздің өміріміздегі отбасының маңыздылығы туралы ойлануға және жақын адамдарға назар аударуға мүмкіндік береді. Жақын адамдарсыз өмір бос және қуанышсыз болар еді. Осыған байланысты, ШҚО бойынша МКД Мемлекеттік кірістер органдарының қызметі саласында кәсіби шеберлігін ұрпақтан-ұрпаққа жалғайтын отбасы мүшелерінің еңбек әулеттері жетістіктерінің тарихын жеткізу мақсатындағы мақалалар тізбесін жариялайды.
ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті барша қазақстандықтарды «Отбасы күнімен» құттықтайды! Сіздерге бейбітшілік, бақыт, жақсылық, табыс, амандық пен молшылық тілейміз!