Жарияланған күні: 08.09.2023 16:41
Өзгертілген күні: 08.09.2023 16:58

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті "Отбасы күні" және "Еңбек күні" мерекелері қарсаңында департаменттің қызметімен және тарихымен танысу, сондай-ақ жас ұрпақ арасында құқықтық сауаттылықты қалыптастыру мақсатында қызметкерлердің балалары мен немерелеріне арналған департамент, ведомстволық мұражай бойынша экскурсия өткізіліп және мемлекеттік қызметкерлер арасында «Менің қазіргі жұмыс орным және менің келешегім» атты эссе жазу байқауы өткізілді.

Экскурсияға әр түрлі жастағы 16 бала қатысты.  Камералдық мониторинг басқармасының басшысы Гүлжанат Беркутова ведомстволық мұражайға экскурсия өткізді, сондай-ақ салық және кеден жүйесінің қалыптасу тарихымен таныстыратын әрбір түпнұсқа экспонаттың тарихын баяндап берді.

Мұражайға экскурсия жасағаннан кейін, балаларға департаменттің қызметін ішкі жағынан көруге мүмкіндік берілді, онда балалар ата-аналары мен ата-әжелері жұмысының негізгі бағыттарымен қызығушылықпен танысты. Қонақтардың пікірінше, департамент бойынша экскурсия өте танымды және қызықты болды, балалар мемлекеттік кірістер органдарының жұмысы туралы көп мәлімет алып шықты. Жас мемлекеттік қызметшілер арасында эссе жазу байқауы копроротивтік рухты жақсартуға және өскелең ұрпақ тарапынан үздік мамандықты таңдауға ықпал етеді.