Жарияланған күні: 04.01.2017 17:39
Өзгертілген күні: 21.10.2019 15:36

ШҚО бойынша МКД Экономикалық тергеу қызметінде Алтай кеденімен өзара қызмет мәселелері талқыланды

2016 жылғы 15 желтоқсанда ШҚО бойынша МКД экономикалық тергеу қызметі  2016-2017 жылдарға арналған құқыққорғау саласында Евразиялық экономикалық одақ мүшелері - мемлекеттік кеден қызметі іс шараларының жоспарын жүзеге асыру мақсатында Ресей Федерациясы Алтай кеденінің өкілдерімен дөңгелек үстел өткізді. 

Дөңгелек үстелдің жұмысын Экономикалық тергеу қызметінің басшысы Б.Камалханұлы ашты. 

Кездесу барысында келесідегідей сұрақтар қарастырылып талқыланды:

1.     Жоспар шеңберінде наркотикалық құралдар, есірткі заттары мен прекурсорларын, қару жарақ пен оқ дәрілерді, СИТЕС объектілерін заңсыз тасымалдау фактілері туралы ақпаратпен алмасу.

2.     Евразиялық экономикалық одақ аумағына заңсыз тауар енгізумен  кедендік транзит процедурасы арқылы, аталған іс-әрекетке қатысы бар тұлғалар және тасымалдау туралы ақпаратпен өзара алмасу.

 

Сонымен қатар дөңгелек үстелге қатысушылар мұнай өнімдерін, сонымен қатар экспорттық бақылауға жататын химиялық заттарды  жеткізумен айналасатын заңды тұлғаларға қатысты ақпаратпен алмасты.

 

ШҚО бойынша МКД ЭТҚ