Жарияланған күні: 20.03.2023 23:04
Өзгертілген күні: 20.03.2023 23:05

Салық заңнамасының нормаларына сәйкес меншік құқығында салық салу объектісі бар жеке тұлғалар көлік құралдарының салық төлеушілері болып табылады.     

Жеке тұлғалардың салық төлеуі тұрғылықты жері бойынша бюджетке есепті салықтық кезеңнен кейінгі жылдың 1 сәуірінен кешіктірілмей жүргізіледі.

1 қаңтар мен 31 желтоқсан аралығындағы күнтізбелік жыл көлiк құралдары салығын есептеу үшін салық кезеңi болып табылады.

Көлiк құралдарына салықты есептеу уәкілетті органның ұсынған мәліметтеріне сәйкес мемлекеттік кірістер органдарымен жүргізіледі.

Көлік құралдарына салынатын салық сомасын kgd.gov.kz web-порталдағы калькулятордың көмегімен немесе e-Salyk Azamat мобильды қосымшасында есептеуге болады.

Салық органдары есептеген салық сомалары Kaspi.kz мобильді қосымшасының пайданушыларына жіберілді.

Және салықтың есептелген сомаларымен e-Salyk Azamat мобильдік  қосымшасының Әлектрондық сервистер- ЖТ және ЖК алдағы төлемдері сервисінде танысуға болады.

 

                                                      ШҚО бойынша МКД Түсіндіру жұмыс басқармасы