Жарияланған күні: 24.02.2023 09:01
Өзгертілген күні: 24.02.2023 14:36

Бүгін, 2023 жылғы 23 ақпанда  Өскемен қаласында ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Өскемен қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасымен бірлесе отырып, салық заңнамасындағы өзгерістер, Байланысорталықтарына келіп түсетін сұрақтарды түсіндіру және ҚР ҚМ МКК порталының интерактивті сервистері мен сандық өнімдерді (Е-SalyqAzamat, Е-SalyqBusiness, SalyqBot) дәріптеу бойынша консалтингтіккомпаниялар өкілдерінің қатысуымен семинар өтті.

Кездесу барысында ШҚО бойынша МКД түсіндіру жұмыстары басқармасының басшысы Сабралимова Гульмира Камильевна 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап салық заңнамасындағы өзгерістер туралы, соның ішінде арнаулы салық режимдері, БКМ қолдану, Бірыңғай төлемдерді енгізу, мүлік табысы бойынша, БЖТ, жеке табыс салығы және т.б. туралы егжей-тегжейлі айтып өтті. Сондай-ақ жеке тұлғалардың банкроттық тәртібі, сандық жаңалықтар, Байланыс орталықтарына жиі түсетін сұрақтар, с.і. ДК тіркеу, БКМ, ҮИЖ қолдану, жалпыға бірдей декларациялау және т.б. туралы да айтылды.

Өскемен қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы А. Каирканова жалпыға бірдей декларациялаудың 2-кезеңінің қатысушыларымен салықтық есептілікті тапсыру бойынша міндеттемелер, есептілікті тапсырудың мерзімдері және т.б. туралы салық төлеушілердің назарына жеткізді.                                                                                               

Кездесу соңында қатысушылар тарапынан БКМ, ҮИЖ қолдану, жалпыға бірдей декларациялау, бірыңғай төлемдерді есептеу, бейрезиденттердің кірістеріне салық салу және т.б. сұрақтар қойылды және оларға толық жауаптар алынды.