Жарияланған күні: 22.08.2022 17:09
Өзгертілген күні: 23.08.2022 09:25

15.08.2022 Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттық туралы» Заң жобасының негізгі ережелерін түсіндіру бойынша семинар өткізілді. Семинар осы Заң жобасын әзірлеген ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің ұйымдастыруымен өткізілді.

Бұл Заң жобасы Мемлекет басшысының 2022 жылғы 5 қаңтардағы тапсырмасын орындау мақсатында әзірленді.

Заң жобасын әзірлеу қажеттігінің негіздемесі азаматтардың өз міндеттемелері бойынша, оның ішінде екінші деңгейдегі банктер, микроқаржы ұйымдары және коллекторлық агенттіктер алдындағы борыш жүктемесі бөлігінде ахуалдың ушығуы болып табылды.

Ағымдағы жылдың 29 сәуірінде Заң жобасы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілді.