«Қазақстандағы жария етудің тәртібі, мақсаттары және ерекшеліктері туралы», Риддер қ. бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Бауыржан Мысаевич Бабышев айтып өтті. Ағымдағы жылдың 5 қыркүйегінде өткізілген брифинг барысында басқарма басшысымен мүлікті және капиталды жария ету бойынша ресми бағдарламаның аяқталуына санаулы айлар қалғаны түсіндірілді, сондықтан,бұртпала жолдармен алынған мүлік пен ақша болған жағдайда тездетіп осы жарнаны пайдаланған жөң. Яғни, заңды айналымнан бөлінген мүлік пен капитал болса, қолжетімді қарапайым тәсілдермен заңдастыруға мүмкіншілік беріліп отыр.
Өйткені, мемлекет өз тарапынан жария ету субъектілеріне барынша жеңілдетілген тәсілдер, кепілдіктер мен жеңілдіктер беруде, неге десеңіз жария етудің негізі мақсаты – жария етілген мүліктің арқасында экономикаға қосымша қаражаттарды енгізу.
Басқарма басшысының айтуынша 2016 жылғы 5 қыркүйектегі жағдай бойынша Риддер қ. мүлікті жария етуге сомасы 143 млн. 834 мың теңгеге 50 өтініш түсті, оның ішінде 137 млн. 534 мың теңгеге 41 объект заңдастырылды.
"Шет елдегі мүлік пен ақшаны заңдастыруға жүгінулер әзірше жоқ. Сондықтан барлық риддерліктерді шет елде мүлік пен ақша болған жағдайда жария ету субъектісінің тұрғылықты жері бойынша түсіндірме алып, жария етуге шақырамын. Бұл науқан аяқталған соң, барлық шет елдегі шоттар және жылжымайтын мүлік бойынша ақпарат тексерілетін болады. Жария ету-бұл соңғы мүмкіндік, осы мүмкіндікті пайдаланыңыздар!»-деп, брифингтің аяғында Бауыржан Мысаевич Бабышев атап өтті.