Date of publication: 03.08.2021 16:45
Date of changing: 03.08.2021 16:47

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттердің аумағында Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифі баждарының мөлшерлемелерімен салыстырғанда неғұрлым төмен кедендік әкелу баждарының мөлшерлемелері қолданылатын тауарлар тізбесіне енгізілген тауарларды өткізу кезінде Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылуға байланысты өзіне алынған Қазақстан Республикасының міндеттемелерін орындау шеңберінде тауарға ілеспе құжат ретінде электрондық шот-фактураның (бұдан әрі – ЭШФ)  қағаз көшірмесі танылады.

Бұл ретте ЭШФ-ның қағаздағы көшірмесі Қазақстан Республикасының Ұлттық есепке алу жүйесінде тіркелуі және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті аумақтық органының мөрімен расталуы тиіс.

Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналым жасалған кезде ЭШФ жазып беру жөніндегі міндеттемелер Салық кодексінің 412-бабы 1-тармағының шарттарына сәйкес келетін салық төлеушілерде туындайды.

Тізбеге енгізілген тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерлерге әкету кезінде ресімделуі көзделген, мемлекеттік кірістер органдарының мөрімен куәландырылған тауарға ілеспе жүк құжаттардың болмағаны үшін ҚР ӘҚБтК 280-1-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілік көзделген.

Сонымен бірге, Салық кодексіндегі 412-баптың 1-тармағының ережелері жеке тұлғаның, оның ішінде дара кәсіпкер немесе жеке практикамен айналысатын адам болып табылатын жеке тұлғаның жеке мүлкін өткізуі кезінде қолданылмайды.

                                                                            

ШҚО бойынша МКД түсіндіру жұмысы басқармасы