
Жауап: Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 18 желтоқсандағы № 1787-XII «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 13-бабының 1) тармақшасына сәйкес, оның ішінде Семей және Өскемен қалаларында тұратын азаматтарға мынадай әлеуметтік кепілдіктер көзделген: - ай сайынғы қосымша еңбекақы – 1,5 АЕК;
- жыл сайынғы қосымша ақы төленетін еңбек демалысы – күнтізбелік 10 күн.
ҚР Салық кодексі мен Әлеуметтік кодексінің нормаларына сәйкес, жеке тұлға өтініш пен растайтын құжаттардың көшірмесін ұсынған жағдайда, көрсетілген экологиялық төлемдерден жеке табыс салығы, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналары және жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары ұсталмайды. Сондай-ақ аталған төлемдер әлеуметтік салық салу объектісіне жатпайды және олардан әлеуметтік аударымдар есептелмейді.
Сонымен бірге, осы төлемдерден міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары ұсталады.
Бұдан бөлек, «ҚР міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Заңға сәйкес, жыл сайынғы қосымша ақы төленетін еңбек демалысының төлемдері мен ай сайынғы қосымша еңбекақы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударымдар және (немесе) жарналар есептелетін төлемдерге жатады.




























