Date of publication: 11.06.2026 09:31
Date of changing: 11.06.2026 09:47

2026 жылғы 28–29 мамырда Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Заң басқармасының басшысы  Мадина  Жанғұрчинова Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң департаментінің директорының қатысуымен Мемлекеттік кірістер комитеті ұйымдастырған семинар-кеңеске қатысты.

Іс-шара барысында қатысушылар құқық қолдану және сот тәжірибесінің өзекті мәселелерін талқылап, даулы жағдайларды шешудің бірыңғай тәсілдерін қалыптастыру, сондай-ақ мемлекеттік органдардың соттардағы құқықтық ұстанымдарын нығайту мәселелерін қарастырды.

Осындай іс-шараларды өткізу құқықтық жұмыстың сапасын арттыруға және заңнаманы қолданудың бірыңғай тәжірибесін қалыптастыруға ықпал етеді.