Date of publication: 04.06.2026 08:29
Date of changing: 04.06.2026 08:30

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 7 ақпандағы №25 шешімімен Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 18 маусымдағы №330 «Тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан нақты әкетуді растау тәртібі туралы» шешімінің күші жойылды.
№25 шешімге сәйкес тауарлардың ЕАЭО кедендік аумағынан нақты әкетілуі «электрондық растау» арқылы жүзеге асырылады. Яғни, кету орнындағы кеден органы тауарды шығарған кеден органының ақпараттық жүйесіне электрондық хабарлама жібереді. Бұл тәртіп қағаз түріндегі декларацияларды пайдалануды және оларды кеден органында куәландыру қажеттілігін алып тастайды.

Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 166-бабы 7-тармағына және 467-бабына сәйкес кеден органдарының тауарлардың нақты әкетілгенін растайтын мәліметтері экспортты және қосылған құн салығын қайтаруды растау үшін негіз болып табылады. Электрондық декларация және нақты әкету туралы хабарлама болған жағдайда қосымша құжаттарды ұсыну талап етілмейді.

Тауарлардың әкетілгені туралы ақпарат болмаған жағдайда декларациялаушы немесе уәкілетті тұлға кеден органына электрондық немесе жазбаша түрде дәлелді өтінішпен жүгінуге құқылы. Кеден органы кету орнындағы кеден органына сұрау жіберіп, нәтижесі бойынша тауарлардың нақты әкетілгені немесе мұндай ақпараттың жоқтығы туралы мәлімет береді.

2018 жылғы 7 ақпандағы №25 және 2018 жылғы 28 тамыздағы №144 шешімдерге сәйкес экспортты растау «АСТАНА-1» ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылады, онда арнайы модуль 2019 жылдың ақпан айынан бастап жұмыс істейді. Сонымен қатар, 2026 жылғы 11 сәуірден бастап экспортты растау «Кеден» ақпараттық жүйесінде де іске асырылды.