Date of publication: 30.04.2026 15:19
Date of changing: 30.04.2026 15:20

2026 жылғы 28 сәуірде Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде студент - түлектерге арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Іс-шараға мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өкілдері, соның ішінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдері қатысты.

Іс-шараның мақсаты — түлектерге мамандық таңдауда және болашақ жұмыс орнын айқындауда көмек көрсету, жұмыс берушілермен ашық диалог алаңын қалыптастыру, сондай-ақ өңірдің адами капиталын дамыту.

Жәрмеңке аясында ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдері студенттерге мемлекеттік қызметке қабылдау тәртібін түсіндіріп, үміткерлерге қойылатын негізгі талаптарды жеткізді және ведомствоның қызмет бағыттарымен таныстырды.

Іс-шара қатысушылары өздерін қызықтырған сұрақтарды қойып, мемлекеттік қызметке қызығушылық танытып, қажетті ақпараттар бойынша толық жауап алды.

Осындай іс-шараларды өткізу мемлекеттік органдар мен жастар арасындағы өзара байланысты нығайтуға, сондай-ақ мемлекеттік қызметтің кадрлық әлеуетін қалыптастыруға ықпал етеді.