
Сұрақ: Мен мемлекеттік қызметші ретінде 2025 жылы пәтерді ипотека арқылы сатып алдым. Займ сомасы – 10 млн. теңге. Қалған сома депозиттен шешілді. Мұның бәрін 270.00 нысанында қалай көрсетуім керек?
Жауап: Бұл мәліметтер 270.00 декларациясының 5-қосымшасында – «Мүлікті сатып алу (алу) және мүлікті сатып алуға жұмсалған шығыстарды жабу көздері туралы мәліметтер» ретінде көрсетіледі. 10 млн теңгеге шығыстарды жабу көзі ретінде ипотека ресімделген банктің БСН-ін көрсету қажет. Қалған сома бойынша – өз қаражатыңызды көрсетуіңіз керек.




























