Date of publication: 24.07.2025 15:31
Date of changing: 24.07.2025 15:33

Шығыс Қазақстан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында 2025 жылдың 1 жартыжылдығында бюджеттің кіріс бөлігін атқару, камералдық мониторинг және салықтық тексерулер мәселелері бойынша баспасөз конференциясы өтті. Іс-шараға ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Қабыш Сайранхан Қабышұлы қатысты.

Спикер мемлекеттік және жергілікті бюджеттерге салық түсімдерінің оң динамикасы туралы хабарлады. Негізгі кіріс көздері тау-кен және өңдеу өнеркәсібінен, саудадан, құрылыстан және ірі бизнестен алынатын салықтар болды.

Сондай-ақ, өңірде жоспарлы салықтық тексерулер шеңберінде тәуекел дәрежесін ескере отырып іс-шаралар жүргізілетіні атап өтілді, бұл ретте салық төлеушілерге тексерулер басталғанға дейін бұзушылықтарды өз еркімен жоюға мүмкіндік беріледі.

Камералдық бақылау бойынша хабарламалардың едәуір саны жіберілді. Олардың бір бөлігі бойынша шаралар қабылданды, басқалары бойынша банк операциялары тоқтатылды.

Соңында спикер 2025 жылғы 10 шілдеде камералдық бақылау хабарламалары бойынша түсініктемелер беру қолданыстағы 7 платформаны біріктіретін және салық төлеушілермен неғұрлым тиімді өзара іс-қимылды қамтамасыз ететін ИСНА жаңа ақпараттық жүйесі (салықтық әкімшілендірудің интеграцияланған жүйесі) арқылы жүзеге асырылатынын толықтырды.