
2025 жылғы 10 маусымда Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті РММ «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің» ШҚ филиалы қызметкерлеріне жалпыға бірдей декларациялау, оның ішінде 270.00 нысанды «Табыс және мүлік туралы» декларация бойынша оқыту жүргізді.
Декларацияны толтыру тәртібі, оны ұсыну тәсілдері мен мерзімдері, сондай-ақ жеке тұлғалардың декларацияны ұсынбағаны үшін жауапкершілігі мәселелері бойынша қойылған барлық сұрақтарға жауап берілді.