Date of publication: 14.03.2025 13:30
Date of changing: 14.03.2025 13:31

Мемлекеттік кірістер комитеті микро- және шағын бизнес субъектілері берген бақылау-касса машиналарының фискалдық чектері бойынша сыйақылар төлеуге бағытталған 2025 жылғы 15 наурызда басталатын «Salyq кэшбэк» пилоттық жобасының қайта жаңғыртылатыны туралы хабарлайды.

 

«Salyq кэшбэк» жобасының бірінші кезеңі оң нәтиже көрсетті: берілген чектердің саны 2 есеге артты, ал осы чектер бойынша сомма 32%-ға өсті (2024 жылғы 2 жартыжылдық 2023 жылғы 2 жартыжылдықпен салыстырғанда, жоба Семей қаласында, Абай облысында және Ақкөл ауданында іске асырылды).

 

"Salyq кэшбэк" жобасының бірінші кезеңі оң нәтиже көрсетті: чектер саны 2 есеге артты, ал бұл чектер бойынша сома 32%-ға өсті (2024 жылғы 2 жартыжылдық 2023 жылғы 2 жартыжылдыққа, жоба Семей қаласында, Абай облысында және Ақмола облысы Ақкөл ауданында жүргізілді).

 

Жобаның екінші кезеңінде оны іске асыру мына аумақтарды қамтиды:

- Өскемен қаласы, Шығыс Қазақстан облысы;

- Жетіқара ауданы, Қостанай облысы;

- Жақсы ауданы, Ақмола облысы;

- Аршалы ауданы, Ақмола облысы.

 «Salyq кэшбэк» жобасына кез келген адам қатыса алады. Ол үшін тауарлар мен қызметтерге ақы төлеу кезінде (қолма-қол ақшамен де, қолма-қол ақшасыз тәсілмен де) фискалдық чек алу, «Amian» арнайы мобильді қосымшасындағы чектен штрих-кодты сканерлеу және сатып алу сомасының 2% мөлшерінде сыйақы алу қажет.

 

Сыйақылар «IT Analytics» ЖШС операторы арқылы «Amian» мобильді қосымшасын пайдалана отырып есептеледі.

«Amian» қосымшасын App Store және Google Play-да тегін жүктеуге болады.

Мемлекеттік кірістер комитеті кәсіпкерлерді бақылау-касса машиналарды белсенді қолдануға және әрбір сатып алушыға фискалдық чектер беруге шақырады, бұл тұтынушы құқығын қорғауға және мемлекеттік бастамаларды қолдауға ықпал етеді