Date of publication: 18.03.2020 15:36
Date of changing: 18.03.2020 15:36

Салық есептілігі нысандарын ұсыну мерзімдерін ұзарту туралы

 

Шығыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті Қазақстан Республикасында төтенше жағдай енгізілуіне байланысты салық төлеушілерге салықтық есептілікті электрондық нысанда ұсынған кезде, келесі нысандардың ұсыну мерзімі 2020 жылдың 30 сәуіріне дейін ұзартылатындығын хабарлайды:

  1. корпоративтік табыс салығы бойынша декларация (100.00, 110.00, 150.00, 180.00 нысандар);
  2. жеке табыс салығы бойынша декларация (220.00, 240.00 нысандар);
  3. жеке табыс салығы және мүлік бойынша декларация
    (230.00 нысан);
  4. көлік құралдары салығы, жер салығы және мүлік салығы бойынша декларация (700.00 нысан);
  5. қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы бойынша декларация (870.00 нысан);
  6. жалға беру (пайдалану) шарттарының тізілімі (871.00 нысан);
  7. тіркелген шегерім пайдаланылатын арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер үшін декларация (912.00 нысан);
  8. бірыңғай жер салығын төлеушілерге арналған декларация
    (920.00 нысан).