Date of publication: 21.02.2020 16:44
Date of changing: 21.02.2020 16:45

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қаржы министрінің «Салық есептілігі нысандарын және оларды жасау қағидаларын бекіту туралы» 2020 жылғы 20-қаңтардағы № 39 бұйрығымен  (әрі қарай – Бұйрық) салық есептілігі нысандары және оларды жасау қағидалары бекітілді.

Бұйрық Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2020 жылғы 21 қаңтарда тіркелген және «Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің толық электрондық жиынтығы» АЖ 2020 жылғы 13-ақпанда жарияланған және 01.01.2020 ж. бастап қолданысқа енгізілді.

Бұйрықпен импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларацияның нысаны (320.00-нысан) "Импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларация (320.00-нысан)" салық есептілігін жасау қағидалары алынып тасталынды.

Сонымен қатар Салық кодексінің 456-бабы 2-тармағының ережелеріне сәйкес негізінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің аумағынан тауарларды импорттау кезінде салық төлеушілер импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларацияны (320.00-нысан) табыс етуге міндетті.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 480-V ҚРЗ Заңының (әрі қарай - Құқықтық актілер туралы Заң) 10-бабымен Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің сатысы бекітілген, соған сәйкес Қазақстан Республикасының Кодекстері министрлердің нормативтік-құқықтық бұйрықтарынан жоғары тұр.

Құқықтық актілер туралы Заңының 12-бабының 1-тармағына сәйкес әртүрлі деңгейдегі нормативтік құқықтық актілердің нормаларында қайшылықтар болған кезде неғұрлым жоғары деңгейдегі актінің нормалары қолданылады.

Жоғарыда мазмұндалғандардың негізінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің аумағынан тауарларды импорттау кезінде салық төлеушілер Салық кодексінің 456-бабына өзгерістер енгізгенге дейін   импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларацияны (320.00-нысан) және тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішті (328.00-нысан) табыс етулері қажет.

Бұйрықпен корпоративтік табыс салығы бойынша декларация нысаны (180.00 нысан) және корпоративтік табыс салығы бойынша декларация (180.00-нысан) салық есептілігін жасау қағидалары енгізілді.

Декларацияны тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасында қызметті жүзеге асыратын резидент-заңды тұлғалар, бейрезидент-заңды тұлғалар келесідей шарттарды орындағанда:

  1. мемлекеттік тіркеуден өткен участок болып танылған және Қазақстан Республикасының "Астана" халықаралық қаржы орталығына аумағында ғана қызмет жасаушы ретінде танылған;
  2. Қазақстан Республикасының "Астана" халықаралық қаржы орталығы туралы 2015 жылғы 7 желтоқсандағы № 438-V ҚРЗ Конституциялық Заңының 6-бабы 3, 4 және 7 тармақтарына сәйкес салық төлеуден босатылатын табыстар ғана алған жағдайда;
  3. Салық кодексінің 40-бабына сәйкес сенімгерлікпен басқарушы болып танылмаған жағдайда табыс етеді.    

 

 

ШҚО бойынша мемлекетттік кірістер департаменті

Түсіндірме жұмыстары басқармасы