Date of publication: 22.01.2020 09:07
Date of changing: 23.01.2020 09:04

Жекелеген салық төлеушілердің заңдарды бұзуларына қарамастан, мемлекет оларға түсіністікпен қарап, оларды бизнесті дамытуға бағыттап және өз ақша қаражаттарын үнемдеуге мүмкіндік бере отырып, айппұл мөлшерін азайтып отыр. 2020 жылғы заңнама жаңашылдығы-бұл Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің (бұдан ары-ҚР ӘҚБКо) санкциясында көзделгеннен 50% мөлшерге қысқартылған салықтар және кедендік бұзушылықтар бойынша айыппұлдарды төлеу мүмкіндігі болып табылады.

2020 жылғы 16 қаңтарда ҚР ӘҚБКо-не өзгерістер мен толықтыруларды енгізу туралы Мемлекет басшысының заңы қолданысқа енгізілді, оған сәйкес ҚР ӘҚБКо 897-бабына өзгерістер енгізілді және хабардар ету негізінде құқық бұзушылықты жасау фактісін мойындаған тұлға хабардар ету алынған (табыс етілген) күннен кейінгі күннен бастап он тәулік ішінде ҚР ӘҚБКо Ерекше бөлігі бабының санкциясында көрсетілген айыппұл сомасының елу пайызы мөлшерінде айыппұл төлеу мүмкіндігін алды.

Мысалы: салық төлеушімен әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайтара камералдық бақылау хабарламасы уақытылы орындалған жоқ. ҚР ӘҚБКо 288-бабының санкциясы он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұл түрінде жауапкершілік қарастырады (15*2651= 39765 теңге). Мемлекеттік кірістер органдарына салық төлеушінің кабинеті, пошта арқылы жолданған немесе тікелей мемлекеттік кірістер органдарында жолданған хабардар етуде он тәулік ішінде төлеуге жатқызылатын айыппұл сомасы 19 883 теңге мөлшерінде көрсетіледі (15*2651*50%=19883 теңге). Алайда, айыппұл сомасы белгіленген мерзімде төленбеген жағдайда, тұлға қысқарту мөлшерін қолдану құқығынан айырылады және айыппұл әкімшілік құқық бұзушылық үшін жауапкершілікті көздейтін баптың санкциясының толық мөлшерінде төленуіне жатқызылады.

Алайда, осы нормаларды қолдану кезінде бірқатар ерекшеліктер бар. Айппұл мөлшерін қысқарту:

  • Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамтамасыз ету туралы заңнамасын бұзу, сондай-ақ мемлекеттік жәрдемақыларды төлеу бойынша міндеттемелерді орындамау, ҚР ӘҚБКо 91-бабы (алтыншы, жетінші және сегізінші бөліктерінде);
  • Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасын бұзу, ҚР ӘҚБКо 92-бабы (екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде);
  • Қазақстан Республикасының міндетті медициналық әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасын бұзу, ҚР ӘҚБКо 92-1 бабы;
  • Қазақстан Республикасының төлемдерді жүргізу жөніндегі заңнамалармен белгіленген шектеулерді бұзу, ҚР ӘҚБКо 266-бабы;
  • Салық есептілігінде көрсетілуге жатқызылатын салық салынатын объектілер мен басқа мүліктерді жасыру, ҚР ӘҚБКо 275-бабы (бірінші, екінші және бесінші бөліктерінде);
  • Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төмендету, ҚР ӘҚБКо 278-бабы (екінші және үшінші бөліктерінде);
  • Салықтарды ұстау мен (немесе) есептеу бойынша міндеттілікті салық агентімен орындамау, ҚР ӘҚБКо 279-бабы (бірінші бөлігінде);
  • Жалған шот-фактураларды жазып беру, ҚР ӘҚБКо 280-бабы;
  • Қазақстан Республикасының этил спирті мен алкоголь өнімдерінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы заңнамасын бұзу, ҚР ӘҚБКо 282-бабы (бесінші бөлігінде);
  • Уәкілетті экономикалық оператормен кеден ісі саласында қызметін жүзеге асыру тәртібін бұзу, ҚР ӘҚБКо 537-бабы;
  • Тауарларды, қолма-қол ақша қаражаттарын, ақша құралдарын  декларацияламау және жалған кедендік декларациялау, кеден құжаттарындағы мәліметтерді жалған мәлімдеу, ҚР ӘҚБКо 551-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтарға қолданылмайды.

Бұл Заң 2018 жылдың 10 қаңтарындағы Мемлекет басшысының Қазақстан халқына «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауын орындау үшін әзірленген және әкімшілік заңнаманы ізгілендіру үшін жолданды.

 

 

 

ШҚО бойынша МКД Заң басқармасының бас маманы

А.В.Дремлюх