Date of publication: 18.07.2019 15:31
Date of changing: 22.11.2019 10:54

 

ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРҒА

САЛЫҚТЫҚ РАҚЫМШЫЛЫҚ

 

         Салық төлеушілерге - жеке    тұлғаларға  алдағы салықтық рақымшылық туралы салық органдарына 2019 жылдың 1 қаңтарға дейін салық кезеңі үшін салық төлеудің негізгі сомасын төлеуге жататын айыппұлды есептен шығару туралы хабарлаймыз.
        Мемлекет басшысының ағымдағы жылдың 4 шілдесінде қол қойған Заң шеңберінде салықтық рақымшылғын көздейтін, Қаржы министрлігінің бұйрығымен жеке тұлғаларға салықтық рақымшылғын жүргізу ережесін бекітеді.

       Өсімпұлды есептен шығарудың  шарты жеке тұлғаның салықтар бойынша негізгі борышты төлеуі болып табылады.

       Салық төлеушілерге бұл үшін ешқайда барудың қажеті жоқ, мемлекеттік кіріс органдары күн сайын жеке тұлғалардың дербес шоттарының жай-күйіне мониторинг жүргізеді және олар 3 жұмыс күні ішінде негізгі борышты төлеген кезде өсімпұлды есептен шығару туралы тиісті шешім шығарады.

       Егер салық төлеуші ағымдағы жыл ішінде өткен жыл үшін негізгі борыш пен салықтар бойынша өсімпұлды төлеуді жүргізген жағдайда, өсімпұл сомасы қайтаруға жатады. Ол үшін мемлекеттік кіріс органдарына өтініш беру қажет.

      Осылайша,  салық берешегі бар барлық азаматтарды мемлекет тарапынан есептелген өсімпұл түріндегі санкциясыз өз салықтық міндеттемелерін орындау мүмкіндігін пайдалануға болады.

 

Шығыс-Қазақстан облысы  бойынша

Мемлекеттік кірістер Департаменті 

Түсіндіру жұмыс басқармасы