Date of publication: 11.06.2019 17:30
Date of changing: 22.11.2019 13:59

Дара кәсіпкерлердің қызметін оңайлатылған тәртіппен тоқтату

 

Дара кәсіпкерлердің жекелеген санаттарының қызметін оңайлатылған тәртіппен тоқтату камералдық бақылау жүргізілмей салық төлеушінің қызметті тоқтату туралы салықтық өтінішінің немесе  салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау) туралы салықтық өтініште немесе патент құнының есеп-қисабында қамтылған жазбаша келісімнің негізінде жүзеге асырылады.                                                                                       

Қызметті тоқтату туралы салықтық өтініш негізінде қызметті оңайлатылған тәртіппен тоқтату кезінде дара кәсіпкер өзінің орналасқан жеріндегі салық органына бір мезгілде:                                                                

1) қызметті тоқтату туралы салықтық өтінішті;                                       

2) таратудың салықтық есептілігін;                                                              

3) бақылау-касса машинасын (ол бар болған кезде) есептен шығару туралы салықтық өтінішті ұсынады.                                                   

Таратудың салықтық есептілігі қызметі тоқтатылатын дара кәсіпкер төлеуші және (немесе) салық агенті болып табылатын салықтардың, бюджетке төленетін төлемдердің түрлері және әлеуметтік төлемдер бойынша қызметті тоқтату туралы салықтық өтініш ұсынылған салықтық кезеңнің басынан бастап осындай өтініш ұсынылған күнге дейінгі кезең үшін жасалады.                                                                                                        

Егер кезекті салықтық есептілікті ұсыну мерзімі таратудың салықтық есептілігі ұсынылғаннан кейін басталатын болса, мұндай кезекті салықтық есептілікті ұсыну таратудың салықтық есептілігі ұсынылған күннен кешіктірілмей жүргізіледі.                                                                    

Қызметті тоқтату туралы салықтық өтініш негізі бойынша қызметті оңайлатылған тәртіппен тоқтату кезінде таратудың салықтық есептілігінде көрсетілген салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді және әлеуметтік төлемдерді төлеу салық органына таратудың салықтық есептілігі ұсынылған күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірілмей жүргізіледі.                               

Салық органы осы тармаққа сәйкес салықтық міндеттеме орындалған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей дара кәсіпкерді тіркеу есебінен шығаруды жүзеге асырады және уәкілетті органның интернет-ресурсында дара кәсіпкердің тіркеу есебінен шығарылғаны туралы ақпаратты орналастырады.

Түсіндіру жұмысы басқармасы.