Date of publication: 30.05.2019 18:08
Date of changing: 24.10.2019 12:26

 

Мемлекеттік кірістер комитеті 2019 жылғы 19 сәуірде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына (бұдан әрі - Заң) қол қойылды.

         Аталған заңнамалық актімен «Автомобиль көлігі туралы» Заңға бөлінбейтін жүктерден немесе арнайы бейiмделген автомобильдер-цистерналармен тасымалданатын сұйық жүктерден басқа, ауыр салмақты және (немесе) ірі габаритті көлік құралдарының ҚР аумағы арқылы жүріп өтуіне тиым салатын өзгерістер енгізілді.

         Осыған байланысты, аталған норма күшіне енгеннен кейін бөлінетін жүктерге арнайы рұқсат беру тоқтатылатынын естеріңізге саламыз.

         Аталған норма Заң ресми жарияланған күннен кейін үш ай өткен соң, яғни  2019 жылдың 19 шілдесінде қолданысқа енгізіледі.