Date of publication: 19.04.2024 17:57
Date of changing: 19.04.2024 17:59

2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VI"Салық және бюджетке төленетінбасқа да міндеттітөлемдертуралы" Қазақстан Республикасы Кодексіне (бұданәрі-Салық кодексі) 12.12.2023 жылғы № 45-VIII"Өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен ҚҚС-қа қатысты ҚРСалық заңнамасына 2024 жылғы 1 қаңтарданбастап қолданысқа енгізілгенөзгерістеренгізілді.

Салық кодексінің 70-бабының негізінде салық төлеушінің (салық агентінің) іс жүзінде бар немесе жоқ екенін растау мақсатында салық органы жүзеге асыратын мемлекеттік бақылаудың өзге нысаны салықтық зерттеп-қарау болып табылады.

Салықтық зерттеп-қарау салық төлеушінің (салық агентінің) тіркеу деректерінде көрсетілген орналасқан жері бойынша жұмыс уақытында жүргізіледі.

Осы баптың 2-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген негіз бойынша жүргізілген салықтық зерттеп-қарау нәтижесінде салық төлеушінің тіркеу деректерінде көрсетілген орналасқан жерінде іс жүзінде жоқ екені анықталған жағдайда, салық органы мұндай салық төлеушіге салық төлеушінің орналасқан жерін (жоқ екенін) растау туралы хабарлама жібереді.

Салық кодексінің 70-бабының 5-тармағында қабылданған түзетулерге сәйкес салық органы хабарламаны жіберген күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде салық төлеуші салық органына өзі келу тәртібімен салық төлеушінің орналасқан жерін растайтын құжаттардың көшірмелерін және түпнұсқасын(салыстырып тексеру үшін) немесе құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелерін қоса бере отырып, салықтық зерттеп-қарау кезінде болмау себептері туралы жазбаша түсінік ұсынуға міндетті.

Мынадай құжаттардың бірі:

жылжымайтын мүлікке меншік (оны пайдалану) құқығын растайтын құжат;

орналасқан жері ретінде мәлімделген жылжымайтын мүлік меншік құқығында болатын жеке тұлғаның жазбаша келісімі салық төлеушінің орналасқан жерін растайтын құжат болып табылады.

Салық кодексінің 372-бабының 2-тармағы 11)тармақшамен толықтырылды, осығансәйкес жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналым кез келген жұмыстар орындауды немесе қызметтер көрсетуді, оның ішінде өтеусіз орындауды немесе көрсетуді, сондай-ақ тауарды өткізуден ерекшеленетін, сыйақы үшін кез келген қызметті, оның ішіндеҚазақстан Республикасының теміржол көлігі туралы заңнамасына сәйкес жолаушылар қозғалысындағы локомотивтік тартқыш операторының уақытша теңгерімдеу төлемақысын алуын білдіреді.

Сонымен қатар, Салық кодексінің 372-бабының 5-тармағы 40)тармақшамен толықтырылды, осыған байланысты Ұлттық инфрақұрылым операторының жолаушыларды, багажды, жүк-багажды, пошта жөнелтілімдерін тасымалдау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын теміржол тасымалдаушысына теміржол көлігімен жолаушыларды тасымалдау кезінде магистральдық теміржол желісінің көрсетілетін қызметтерін өтеусіз негізде, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес теміржол көлігімен жолаушыларды тасымалдау кезінде магистральдық теміржол желісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне арналған тарифке 0 мөлшеріндегі уақытша төмендету коэффициентін қолдана отырып көрсетуөткізу бойынша айналым болып табылмайды.

Салық кодексінің 397-бабының 4-тармағындағы толықтыруға сәйкес Цифрлық активтерді өткізу жөніндегі айналым қосылған құн салығынан босатылады.

Салық кодексінің 400-бабының 6-тармағындағы өзгерістерге байланысты осы баптың 9-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, осы баптың ережелеріне сәйкес келмейтін қосылған құн салығының, сондай-ақ осы Кодекстің 402-бабында көрсетілген қосылған құн салығының сомасы есепке жатқызылмайтын қосылған құн салығының сомасы деп танылады.

Сонымен қатар, 400-бап 9-тармақпен толықтырылды, осыған орай жолаушыларды, багажды, жүк-багажды, пошта жөнелтілімдерін тасымалдау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын теміржол тасымалдаушысына теміржол көлігімен жолаушыларды тасымалдау кезінде магистральдық теміржол желісінің қызметтерін өтеусіз негізде, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес теміржол көлігімен жолаушыларды тасымалдау кезінде магистральдық теміржол желісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне арналған тарифке 0 мөлшеріндегі уақытша төмендету коэффициентін қолдана отырып көрсету үшін Ұлттық инфрақұрылым операторы пайдаланған немесе пайдаланатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша қосылған құн салығының сомасы осы баптың 1-тармағында белгіленген шарттар сақталған кезде есепке жатқызылуға жатады.

 

 

ШҚО бойынша МКД

Талдау және тәуекелдер

басқармасының бас маманы

Н.А.Харламова