Date of publication: 18.04.2024 08:30
Date of changing: 18.04.2024 09:19

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2024 жылғы 12 ақпаннан бастап Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2024 жылғы 11 сәуірдегі № 125 бұйрығына сәйкес, тек өндіру және тұтыну үшін құс шаруашылығы және ұн тарту кәсіпорындарының атына теміржол көлігімен әкелуді қоспағанда, Қазақстан
Республикасының аумағына үшінші елдерден және Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен автомобиль, су және теміржол көлігімен бидай (Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар 
номенклатурасының коды: 100119; 100199) әкелуге алты ай мерзімге тыйым салынғанын хабарлайды.