Date of publication: 10.04.2024 18:17
Date of changing: 11.04.2024 09:48

2024 жылғы 09 ақпан сәуірде Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті жастардың салықтық сауаттылығын арттыру мақсатында Қазақстан-Американдық еркін университетінің студенттерімен және оқытушыларымен кездесу өткізді.

Кездесу шеңберінде Департаменттің Түсіндіру жұмысы және Байланыс орталығы басқармасының басшысы Гүлмира Сабралимова студенттерге заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің басшылары, құрылтайшылары (қатысушылары), сондай-ақ олардың жұбайлары (зайыбы) үшін жалпыға бірдей декларациялаудың 3 - кезеңінің және 2025 жылдан бастап қалған санаттағы тұлғаларға 4- кезеңінің басталғаны туралы енгізілген өзгерістерді ескере отырып, 250, 270 СЕН бойынша салық есептілігін табыс етудің тәртібі мен мерзімдері туралы айтты.

Спикер мобильді аударымдарға жеке тоқталып, аталған тақырып аясындағы өзекті ақпаратпен бөлісті. Сонымен қатар, мобильді қосымшаны пайдалана отырып жүзеге асырылатын бөлшек салықтың арнаулы салық режимінің, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің «E-Salyq Azamat», «E-Salyq Business» цифрлық сервистерінің, @SalyqBot чат-ботының артықшылықтары туралы жеткізді.

Студенттер барлық сұрақтарына толыққанды жауап алды.