Date of publication: 05.04.2024 08:30
Date of changing: 05.04.2024 08:32

2024 жылғы 04 сәуірде ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті ҚР «Аманат» партиясының Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы алаңында «Жалпыға бірдей декларациялау» тақырыбы аясында семинар өткізді.

Семинар шеңберінде Департаменттің Түсіндіру жұмысы және Байланыс орталығы басқармасының басшысы Гүлмира Сабралимова қатысушыларға заңды тұлғалардың және жеке кәсіпкерлердің басшылары, құрылтайшылары (қатысушылары), сондай-ақ олардың жұбайлары (зайыбы) үшін жалпыға бірдей декларациялаудың 3 кезеңінің басталуы туралы, өзгерістерді ескере отырып, 250, 270 СЕН салық есептілігін табыс етудің тәртібі мен тәсілдері, мерзімдері туралы ақпаратпен таныстырып, осы тақырыптар бойынша жиі келіп түсетін сұрақтарға жауап берді.

Сонымен қатар, іс-шара барысында декларацияны тапсыруға көмек көрсетілді.

Сөз соңында «Аманат» партиясының  өкілдері мен семинарға қатысушылар спикерге өз алғыстарын білдірді.