Date of publication: 04.04.2024 18:23
Date of changing: 04.04.2024 18:42

Камералдық бақылаудың мақсаты салық төлеушіге бұзушылықтарды дербес жою құқығын қамтамасыз ету болып табылады.
Салық есептілігін талдау нәтижелері бойынша кірістерді төмендету, шығыстарды заңсыз көтеру, салық мөлшерлемелерін дұрыс қолданбау, жеңілдіктерді негізсіз қолдану және т.б. анықталған жағдайда, камералдық бақылау хабарламалары жолданады.
Хабарламаны орындау отыз жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады, бұзушылықпен келісілген жағдайда қосымша салық есептілігі ұсынылуы қажет.
Бұзушылықпен келіспеген жағдайда бұзушылықтардың болмауы туралы түсініктеме ұсыну талап етіледі.

Қазіргі уақытта камералдық бақылау бағыты адам факторын алып тастай отырып, автоматтандырылған қызмет көрсету үлгісіне қайта қалыптастырылған.
Осылайша, растайтын құжаттарды ұсыну және олар бойынша хабарламаны орындалмаған деп тану туралы шешім шығару міндетін алып тастау арқылы тәуекелдің орташа дәрежесі бар хабарламаларды орындау тәртібі оңайлатылды.

Сонымен қатар, камералық бақылау хабарламаларына жауап берген салық төлеушілерге қатысты банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру жүргізілмейтінін қосымша атап өткен жөн.
Тиісінше, орташа тәуекел дәрежесі бар барлық хабарламалар автоматты түрде орындалды деп танылады.

Өз кезегінде, салықтық тексерулер салық заңнамасын жүйелі түрде бұзатын және алдын алу шараларына (камералдық бақылау хабарламалары, хабардар ету) ден қоймайтын салық төлеушілерді қамтитын болады.