Date of publication: 03.04.2024 12:05
Date of changing: 03.04.2024 12:06

2024 жылдың 02 сәуірінде ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер Департаменті С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің алаңында университет қызметкерлері үшін " ҚР-да жалпыға бірдей декларациялау "тақырыбында семинар өткізді.

Семинар аясында Департаменттің түсіндіру жұмысы және байланыс орталығы басқармасының бас маманы Роза Cейльханова қатысушыларға заңды тұлғалардың және жеке кәсіпкерлердің басшылары, құрылтайшылары (қатысушылары), сондай-ақ олардың жұбайлары (зайыбы) үшін жалпыға бірдей декларациялаудың 3 кезеңінің басталуы туралы, өзгерістерді ескере отырып, 250, 270 ТНБ салық есептілігін табыс етудің тәртібі мен тәсілдері, мерзімдері туралы айтып берді, осы тақырыптар бойынша жиі келіп түсетін сұрақтарға жауап берді.

Сонымен қатар, іс-шара барысында декларацияны тапсыруға көмек көрсетілді.

Сөз соңында С. Аманжолов атындағы ШКУ өкілдері спикерге өз алғыстарын білдірді.