Date of publication: 28.02.2024 16:07
Date of changing: 28.02.2024 16:08

2024 жылғы 27 ақпанда ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Шығыс Қазақстан облысы Кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің алаңында өңір кәсіпкерлерінің қатысуымен «Салық заңнамасындағы негізгі өзгерістер, бөлшек салықтың арнаулы салық режимі, жалпыға бірдей декларациялаудың 3-кезеңі, мобильді аударымдар» тақырыптарында семинар өткізді.

Семинар модераторы «ШҚО Кәсіпкерлік қызметкерлері кәсіподағы» ҚБ-нің басшысы Галина Сергеевна Казанцева іс - шараны ашып, оның маңыздылығын атап өтті. Спикерлер ретінде ШҚО бойынша МКД-нің Түсіндіру жұмысы және Байланыс орталығы басқармасының (әрі қарай - ТІЖ және БОБ) басшысы Гүлмира Камильевна Сабралимова сөз сөйледі.

Семинарға 40 - ден астам салық төлеуші қатысты.

Семинар шеңберінде ТІЖ және БОБ басшысы Гүлмира Сабралимова іс-шараға қатысушыларды салық заңнамасындағы негізгі өзгерістермен таныстырды, заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің басшылары, құрылтайшылары (қатысушылары), сондай-ақ олардың жұбайлары (зайыбы) үшін жалпыға бірдей декларациялаудың 3 - кезеңінің басталғаны туралы, 250, 270 СЕН бойынша салық есептілігін табыс етудің тәртібі мен мерзімдері туралы айтты. ҚР ҚМ МКК цифрлық жаңалықтары «e-Salyq Azamat», «e-Salyq Business», «Salyq Bot» қолдануға қатысты және кәсіпкерлерге қатысты салық заңнамасындағы басқа да өзгерістер жайлы хабардар етті.

Спикер бірыңғай төлемді, бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолданудың артықшылықтарына тоқталып, мобильді аударымдар туралы өзекті ақпаратпен бөлісті, сонымен қатар, осы тақырыптар бойынша жиі келіп түсетін сұрақтарды атап өтті.

Семинар барысында семинарға қатысушыларға декларацияны тапсыруға көмек көрсетілді

Сөз соңында салық төлеушілер ШҚО бойынша МКД-нің өкілдеріне қызықтырған сұрақтарын қойып, жүргізілген түсіндіру жұмысы үшін алғыс білдірді. Барлық сұрақтарға жауаптар берілді және жадынамалар таратылды.